CSI
Қазақстанға Аризона штатынан ресми делегация келді
06 Маусым 2019
Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара сауда-экономикалық байланысты нығайту мақсатында Аризона штатынан келген ресми делегация 5-13 маусым аралығында іс-сапармен Қазақстанда болады, деп хабаралайды ortcom.kz тілшісі.

Штат өкілдері Қазақстанның атқарушы және заңнамалық мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Өкілдік штаттан Қазақстанға аударылатын инвестициялардың көлемін ұлғайту, технологиялар трансферттеу, өзара сауда-саттықты арттыру шараларын қабылдамақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасындағы Аризона штатының сауда-инвестициялық миссиясының перспективалары туралы өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Аризоналық инвесторлар кен-руда өнеркәсібі, аэроғарыш байланысы, ауыл шаруашылығы, білім беру салалары мен зерттеу жобаларына қызығушылық танытуда», - деді CSI Group аға серіктесі Олжас Хұдайбергенов.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатына Аризона Өкілдер палатасының спикері Рассел Бауэрс, Аризона Өкілдер палатасы бюджет комитетінің төрайымы Реджина Кобб, Аризона Өкілдер палатасы мемлекеттік және халықаралық комитетінің төрағасы Хосе Риверо, Аризона штатының сенаторы Ребекка Риос, Аризона Өкілдер палатасы мемлекеттік және халықаралық комитетінің өкілдері Фрэнк Кэррол мен Джэральдин Пэтен қатысып, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық миссиясының перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, миссия өкілдері Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Алматы және Өскемен қалаларына барады деп жоспарлануда.


Дереккөз: 2019 жылдың 06 маусымы, ortcom.kz
Смотреть еще
Біз БАҚ беттерінде
23 августа 2018
23 августа 2018