Қазақстан өңірлерінің рейтингі,

III тоқсан 2023 жыл

Авторлары: Олжас Худайбергенов, Ұлжан Тағай

4 шілде 2024

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан өңірлері Рейтингінің жаңа шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолы өңірлік биліктің 2023 жылғы 2 тоқсандағы қызметі бағаланады.
Есептеуге арналған әдістеме, деректер, көрсеткіштер саны және есептеудің өзі 1 көрсеткішті қоспағанда, өзгерген жоқ. «Ашық диалог» порталында жергілікті атқарушы органдар басшыларының өтініштерді қарауы бойынша кешіктірулер саны» «Әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі жүйесіндегі ЖАО теріс ескертулерінің үлесіне» ауыстырылды. Ағымдағы шығарылымда 20 көрсеткіштің 11-і жаңартылды (9 тоқсандық және 2 жылдық).

Жетекші орындар 2023 жылдың 2 тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады: Атырау облысы үшінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, 76,53 балл жинады. Облыстың көтерілуін әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі жүйесінде ЖАО теріс ескертулерінің аз мөлшері, сондай-ақ орталық су құбыры арқылы ауыз судың қолжетімділігі, жан басына шаққандағы шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестицияларының көп мөлшері қамтамасыз етті. 10-нан екінші орынға Алматы қаласы 76,44 баллмен көтеріліп, креативті экономика саласындағы қызметтер көлемі бойынша көрсеткіштерді едәуір жақсартты, ал үшінші орынға бірінші орыннан әрісере тіркелген жемқорлық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың тіркелген фактілері санының көп болуына байланысты Павлодар облысы түсті.
Төртінші орынды Қарағанды облысы сақтап қалды. Облыс осы критерийлер бойынша өз көрсеткіштерін едәуір жақсартты: медициналық мекемелердегі төсектердің жеткіліктілігі; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі; жергілікті бюджетті атқару шеңберіндегі шығындар көлемінің адамдар санына арақатынасы. Ақмола облысы негізінен бір жасқа толмаған балалардың өлім санының мың туылғанға қатынасын айтарлықтай жақсарғаны нәтижесінде 9-дан 5-орынға көтерілді.

Солтүстік Қазақстан облысында нәресте өлімі коэффициенті көрсеткішінің түсуіне байланысты, 5-тен 6-орынға түсті. Астана қаласы үш ауысымды оқытатын мектептер санының күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жалпы санына арақатынасы, сондай-ақ медициналық мекемелердегі төсектердің жеткіліктілігі, креативті экономика саласындағы қызметтер көлемі бойынша көрсеткіштердің төмендеуі есебінен 2- ден 7-орынға түсіп көшбасшылардың жетеуін аяқтайды.
Шығыс Қазақстан облысы 7-ден 8-орынға түсіп, Астана қаласына 0,2 балдан кем жетпей қалды.
9-орынды алған Ұлытау облысында дәл осындай нәтиже – көшбасшы жетіліктің соңғы орынымен айырмашылық 1 баллдан кем, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс бойынша көрсеткіштердің түскеніне қарамастан, тіркелген жемқорлық және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша көрсеткішті айтарлықтай жақсартты.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысы 66,67 баллмен жетілікке жақын орналасқан. Жан басына шаққандағы шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар, креативті экономика саласындағы қызметтер көлемін ұлғайту есебінен 13-тен 10-орынға көтерілді.

Қалған өңірлердің ішінен Жетісу облысы өз көрсеткіштерін жақсартып, 17-ден 15-орынға көтеріліп, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың үлесін азайтты. Сондай-ақ рейтинг соңында Алматы және Түркістан облыстары қалды және екі облыста да үш ауысымды оқытатын мектептердің үлесі айтарлықтай өсті, сондай-ақ 10 мың адамға шаққандағы медициналық мекемелердегі төсектері санының арақатынасы нормативке жетпейді.