Темірбетон конструкцияларын бұзбай бақылау және мониторингілеу үшін ендірілген сымсыз датчикті әзірлеу және тәжірибелік-өнеркәсіптік енгізу

№АР08052033

2021-2023 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша

Өзектілігі
Бетонның беріктігін бақылаудың дәстүрлі әдістері құрылымның денесінде болатын ішкі процестер туралы толық динамикалық түсінік бермейді. Сондай-ақ, айтарлықтай еңбек сыйымдылығы мен құнына байланысты стандартты үлгілер мен бұзбайтын бақылау құралдары бойынша беріктік жиынтығын бақылау мониторинг мүмкіндігін қоспағанда, көбінесе 3, 7 және 28 тәулікке үш өлшеммен шектеледі. Бұл кемшіліктерді нақты уақыт режимінде құрылымның беріктігі мен мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін, қатаю кезінде бетонның ішкі сипаттамаларын үздіксіз өлшейтін ендірілген датчиктерді қолдану арқылы толтыруға болады. Осы жоба шеңберінде әзірлеуге жоспарланған датчиктер оның шетелдік аналогтарын импортты алмастыруға бағдарланған және өзіндік құны төмен және функционалы кеңейтілген болады.

Мақсаты
Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен бетонның беріктігінің, ішкі температура мен ылғалдылықтың ағымдағы жиынтығы туралы деректердің мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін сымсыз тәсілмен темірбетон конструкцияларын бұзбай бақылау үшін ендірілген датчикті әзірлеу және тәжірибелік-өнеркәсіптік енгізу.

Күтілетін нәтижелер
► Нөлдік емес импакт-факторы бар (КОКСОН ұсынған) рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 2 мақала жарияланады.
► Шетелдегі халықаралық конференциялардың жинақтарында 1 ғылыми мақала жарияланады.
► 1 ұжымдық монография шығарылады.
► Web of Science халықаралық дерекқорларымен индекстелетін, ғылыми бағыт бойынша не 1 (бірінші), не 2 (екінші), не 3 (үшінші) квартилге кіретін және (немесе) Scopus базасында cite Score бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 2 ғылыми мақала жарияланады.

Қол жеткізілген нәтижелер

Өлшеу құралының түрін бекіту туралы және датчиктің бағдарламалық жасақтамасына сертификат

Дайындаушы зауытпен және кемінде бір құрылыс ұйымымен келісілген сымсыз ендірілетін датчиктермен темірбетон конструкцияларының мониторингі бойынша технологиялық регламент дайындалды

КОМПЬЮТЕРГЕ арналған бағдарламаға авторлық құқық: "Е. Б. Өтепов 12.01.2021 жылғы №14377 куәлік – бетонның беріктігін сымсыз мониторингтеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету кешені".

Пайдалы модельге Патент: "Өтепов Е. Б., Худайбергенов О. А. пайдалы модельге Патент №6120 28.05.2021 – ендірілген сымсыз датчик арқылы темірбетон конструкцияларын мониторингілеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен"

Utepov Ye.B, Aniskin A., Tulebekova A.S., Aldungarova A.K., Zharassov.Sh.Zh., Sarsembayeva A.S. Complex Maturity Method for Estimating the Concrete Strength Based on Curing Temperature, Ambient Temperature and Relative Humidity. Applied Sciences 11: ISSN 2076-3417, Basel, Switzerland, 2021, p. 7712, DOI: 10.3390/app11167712

Utepov Ye.B, Aniskin A., Tulebekova A.S., Zharassov.Sh.Zh., Aldungarova A.K. RSSI Performance of Maturity Sensor Based on LoRaWAN Network. Труды университета 3(84): ISSN 2710-3382, г. Караганда, 2021, стр. 232-240, DOI: 10.52209/1609-1825_2021_3_232. Импакт-фактор 0.029

Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда (КОКСОН ұсынған) 4 мақала жарияланды
Халықаралық конференциялар жинағында 3 мақала жарияланды
Ғылыми семинарлар өткізілді.
Зерттеу нәтижелері әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қауымдастығы арасында кең таралған
Зерттеу тобы
  • Утепов
    Елбек Бахитович
    PhD, Қауымдастырылған профессор
    Аға ғылыми қызметкер
    Scopus ID: 57211963527, Researcher ID: M-9719-2016, ORCID: 0000-0001-6723-175X)
  • Тулебекова
    Асель Сериковна
    PhD, Қауымдастырылған профессор
    Аға ғылыми қызметкер
    Scopus ID: 55356989600, Researcher ID:P-7820-2014, ORCID: 0000-0001-8553-3081
  • Казкеев
    Алижан Бауржанович
    PhD докторант
    Кіші ғылыми қызметкер
    ORCID: 0000-0001-6591-7440
  • Aniskin Aleksej
    Қауымдастырылған профессор
    Шетелдік ғалым
    Scopus ID: 57201720016, Researcher ID: E-7467-2018 , ORCID: 0000-0002-9941-1947
  • Жарасов
    Шынгыс Жарасович
    PhD докторант
    Кіші ғылыми қызметкер
    ORCID: 0000-0002-0468-8362
Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
Жобаны іске асыру қазақстандық ғылымға оң әсерін тигізеді, өйткені бұрын мұндай зерттеулер жүргізілген жоқ. Нәтижелерді жариялау ғылыми қоғамдастықта кеңінен жарияланады және отандық ғалымдарды осыған ұқсас бағыттағы жаңалықтарға ынталандырады.