8 балл (ең жоғары көрсеткіш) жинап, 6 позицияға көтеріліп
Алматы қаласы өңірлер үштігін тұйықтап отыр. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың үлесі және әкімдердің оларға түскен өтініштерін қарастыру мерзімін өткізіп алу, ЖАО-ның жан басына шаққандағы шығындары бойынша нәтижелерді айтарлықтай жақсартып, ауыз судың қол жетімділігі көрсеткіші бойынша 1-орынға ие болды.
Жамбыл облысы жаңартылған 11 көрсеткіштің 8-інде шамалы ғана жақсартылған өзгерістерді көрсетті, бұл оған жалпы рейтингте 7-ші орыннан 4-ші орынға ауысуға мүмкіндік берді.
Нұр-Сұлтан қаласы 4 балдан айырылып, жалпы рейтингте 5-орынға төмендеп, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың үлесі және азаматтардың өтініштері бойынша мерзімді өткізіп алу сияқты көрсеткіштердің нашарлауына байланысты позицияларының едәуір нашарлағанын көрсетті. Неғұрлым айқын төмендеу креативті экономикадағы көрсетілетін қызметтер көлемінің жақсаруымен теңестірілді.
Ақтөбе облысы 10-шы орыннан 6-шы орынға көтерілді. Облыс негізгі балл санын тіркелген пара алу және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері санының көрсеткішінде 0 жағдай тіркеу арқылы жинады.
Ақмола облысы 7-ші орынға көтеріліп, шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар және азаматтардың өтініштерін қарау мерзімін өткізіп алу бойынша көрсеткіштерінде көшбасшылық танытты. Сондай-ақ, облыс кәмелетке толмағандардың қылмыс үлесінің, жан басына шаққандағы ЖАО шығындарының көлемі бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Дегенмен, судың әрбір 4-ші үлгісі санитарлық-гигиеналық немесе микробиологиялық нормаларға сәйкес келмеді.
Қалған өңірлердің ішінде 6 балдан сәл жоғары (3-нәтиже) жинаған
Батыс Қазақстан облысының ілгерілеуін атап өту керек, бұл оған 15-тен 11-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал Қарағанды облысы 9 позицияға төмен түсіп, 3-тен 12-орынға құлдырады.
Қазақстан өңірлерінің рейтингіcі IV тоқсан 2020 ж.Қазақстан өңірлерінің рейтингіcі I тоқсан 2021 ж.Қазақстан өңірлерінің рейтингіcі II тоқсан 2021 ж.