Қазақстан өңірлерінің рейтингі

I тоқсан 2022 жыл

Авторлар: Олжас Худайбергенов, Сакен Иденов

Графиктер: Кайрат Ахмурзин

12 шілде 2022 ж.

Сіздердің назарларыңызға 2022 жылдың 1 тоқсанындағы Қазақстан өңірлерінің рейтингін ұсынамыз.
Бұл шығарылымда әдістеме өзгерді - пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үлесінің көрсеткіші (№8 көрсеткіш) кенжатындарды қамтиды (бұрын егістік ретінде пайдаланылған, бірақ бір жылдан артық пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы алқаптары).

20 көрсеткіштің 15-і жаңартылды, оның ішінде 9-ы тоқсандық және 6-ы жылдық.

Алдыңғы шығарылымдардағыдай, бірде-бір аймақ ең жоғарғы ұпай жинай алмады. Атырау облысы рейтингте 2-ші тоқсан қатарынан бірінші орында тұр. Өңір үш ауысымда оқытатын мектептердің үлесі, шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар, пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесі және ЖАО шығындарының көлемі сияқты көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр.

2-ші орыннан 6-шы орынға дейін нәтижелердің жоғары тығыздығы байқалады, 5 өңірдің бір-бірінен үзілістері шамалы. Нұр-Сұлтан рейтингте екінші орында, бірақ алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 4 балға аз. Жоғалған баллдар үш ауысымда оқытатын мектептер үлесінің өсуіне, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың өсуіне және азаматтардың өтініштері бойынша кешіктірулердің өсуіне келеді.
Үшінші орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Жақсару креативті экономика саласындағы қызметтер көлемінің, ЖАО шығындарының көлемінің, сапалы жолдар үлесінің, кәмелетке толмаған қылмыстар үлесінің, ЖАО басшыларының өтініштері бойынша мерзімін өткізіп алу көрсеткіштеріне қатысты болды.

Төртінші орынды Павлодар облысы сақтап қалды. Өңір пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үлесінде, сапалы жолдар үлесінде, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар үлесінде және ЖАО шығындары көлемінде өз көрсеткіштерін шамалы жақсартты. Айта кету керек, облыс тіркелген пара фактілерінің санын азайтып, елімізде осы көрсеткіш бойынша 2-ші орынға шықты.

Жамбыл облысы 5-ші орында. Өңір кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлесі және жан басына шаққандағы ЖАО шығындарының көлемі сияқты көрсеткіштер бойынша айтарлықтай жақсартулар көрсетті. Жоғалған балдардан: 1,1 балл - халықаралық және республикалық олимпиадалар жүлдегерлерінің санына, 1,5 балл - тіркелген паралардың санына келеді.

Бұл жерде Алматы қаласының 12-ші орыннан 6-шы орынға көтерілгенін атап өту қажет. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіштері, республикалық және халықаралық олимпиадалар жүлдегерлерінің саны жақсарды, сәбилер өлімі коэффициентінің көрсеткіштері және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлесі төмендеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында "Ашық диалог "платформасында ЖАО басшыларының өтініштері бойынша мерзімін өткізіп алу" параметрі бойынша айқын проблемалар байқалады.

Нәрестелер өлім-жітімінің коэффициентін және үй шаруашылықтарындағы халықтың ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен улесін азайта отырып, рейтингтің 7-ші орнына Ақтөбе облысы орналасты.

Қалған өңірлерден Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарын атап өту керек, олар топ-7 өңірден шығып, тиісінше 9 және 15-орынды иеленді.
Сондай-ақ, бірден 14 өңір балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесін шешті. Тек Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласы ғана сәл артта қалып отыр.