CSI
CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов Қазақстанда
ҚҚС шегін төмендету туралы сұраққа түсіндірме берді
2 қараша 2016
CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергеновтың Қазақстанда ҚҚС шегін төмендету туралы сұраққа түсіндірмесі:

«Жуырда әлеуметтік желілерде ҚҚС шегін төмендету туралы бастама қызу талқыланды, алайда, қатардағы азаматтар үшін үдерістердің хронологиясы мен жалпы көрінісі әлі де болса түсініксіз. Осы сұрақтарға жауап беруге тырысайық:

1. ҚҚС бойынша оқиғалар хронологиясы шамамен келесідей.
Қазір ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК, немесе 63 млн. астам теңге құрайды. Егер компанияның табысы одан көп болса, ол ҚҚС төлеуі керек. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап шек 3 234 АЕК дейін (6.9 млн. теңге) төмендеуі керек еді - бұл өткен жылы күзде мақұлданған болатын, және де жобаның өзі көктем-жазда әзірленді. 2015 жылы бұл шұғыл төмендету салыстырмалы түрде тыныш өтті, шу болмады. Алайда, өткен жылдың қыркүйегінен бастап көптеген оқиғалар орын алды, экономика дағдарысқа ұшырады, халық және бизнестің жағдайы нашарлады. Түрлі құрылымдар билікке, егер қабылданған норма өзгеріссіз қалатын болса, бұл қиыншылықтарға әкелуі мүмкін деген ойды жеткізуге тырысты. Нәтижесінде ҰЭМ ҚҚС бойынша шекті төмендетуді кейінге қалдыруды, ал төмендетудің өзін азайтуды шешті. 2017 жылы шек қазіргідей қалады, 2018 жылы 25 мың АЕК дейін, 2019 жылы 20 мың АЕК дейін, 2020 жылы 15 мың АЕК дейін төмендейді. Халықтың бір бөлігі шекті төмендету туралы бастама қазір ғана басталды деп ойлайды, ал шын мәнінде, ҰЭМ 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс болған заңның нормасын жақсартуға барған болатын.

2. ҚҚС бойынша шекті төмендетудің әсеріне келетін болсақ,
ол бірмәнді емес:


- егер жалпы экономиканы алатын болсақ, онда жалпы экономикаға салықтық жүктемені арттыру көзделмейді;
- бірақ егер компоненттерге бөлетін болсақ, айналымы жылына
63 млн теңгеден аз (немесе айына шамамен 5 млн) шағын бизнеске салықтық жүктемені арттыру көзделген;
- ірі және орташа бизнеске, сондай-ақ айналымы жылына 63 млн теңгеден аз шағын бизнеске, шекті төмендету салықтық жүктемені арттырмайды, тіпті, ҚҚС төлеуді біртіндеп бастайтын шағын бизнестен өнімді сатып алатын болса, олар өз жүктемесін төмендетуі де мүмкін. ҚҚС бойынша есепті бөлікті ескерсек (шағын бизнес өнімді өзі сатып алатын болса, және ҚҚС қоса алғанда, бағаны төлесе), шағын бизнестің ҚҚС бойынша жүктемесі 12%-ға емес, одан төменге артады.

3. Бұл жерде тағы бір проблема бар — бұрын қарапайым түрде болғандар, біртіндеп ҚҚС бойынша есепке тұратын болады, бұл өз кезегінде қарапайым режимнің қолайлылығын жояды. Бухгалтер жалдау керек, қосымша шығындар болады. Шағын бизнестің
80-90%-ы бөлшек секторда (тауарлар мен қызметтерді сату, қоғамдық тамақтану) шоғырланғанын ескерсек, бұл секторда бір қарапайым салықтық режим енгізген дұрыс болуы мүмкін (патент, қарапайым режим, қарапайым + ҚҚС, жалпы бекітілген режим): ол жерде кез келген сату көлемінен 3% көлемінде бір ғана салық болуы керек, және басқа ешқандай салықтар болмауы керек (ҚҚС және КТС).
Шын мәнінде бұл қарапайым режимнің барлық бөлшек секторға таралуы болады, ол бизнеске толығымен жарыққа шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ банктерге бөлшек сектордың ақшасыз айналымы бар кәсіпорындарына салық агентінің қызметтерін ұсынуға, шотқа түскен сомалардан тұрақты салық төлеуге рұқсат беруге болады. Кәсіпкердің өзі тек қолма қол ақша табысынан салық төлейді.
ҰЭМ қазір бөлшек сектор үшін салық режимін қарапайымдандыру бойынша жұмыс жасауда, 2018 жылға дейін оңтайлы форматты әзірлейді және енгізіп үлгереді деп сенемін.

4. Тағы қосатыным, елдегі жалпы жағдай өте күрделі, бұл бюджет кірісіне ықпал етеді. Ең дұрысы, Ұлттық қордан жылдық түсімдердің көлемі төмендейтін болады, бұл бюджет тапшылығымен жағдайды күрделендіреді. Бұл жағдайда мемлекет дилемманың алдында
тұр – не шығыстарды қысқарту керек, бұл экономиканың құлдырауына әкеледі (дағдарыс шарттарында мемшығыстар артуы керек), немесе салықтық түсімдерді көбейту керек. Ал оларды
тек салықтық жүктемені арттыру есебінен немесе экономиканың көлеңкелі бөлігін жарыққа шығару есебінен арттыруға болады.
Және көлеңкелі экономиканың үлесі шамамен 40% құрайтындықтан, онда мемлекет үшін бизнесті жарыққа шығуға ынталандыратын механизмдерді құру және соның есебінен бюджетті толықтыру дұрыс болады. Басқа сөзбен айтқанда, екі тарап үшін тиімді шешімдер қабылдау үшін кеңістік бар. Мемлекеттік басқару жүйесі осы жолмен жүреді деп сенетін боламыз!»
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018