CSI
Жаһандық тұрақты даму мәселелері Даму жөніндегі Стамбулдық диалог 2018 аясында талқыланды
6 сәуір 2018
БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастырған жыл сайынғы Даму жөніндегі Стамбулдық диалогтың барысында Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары шенді шенеуліктері, халықаралық сарапшылар, даму институттары мен ірі жеке корпорациялар мен консалтингтік компаниялардың жетекшілері өңірдегі елдердің ұзақ уақыт тұрақты дамуы мақсатындағы серіктестік мәселелерін талқылады және шешілмеген мәселелерге, өсу әлеуетіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, мемлекеттік басқару, жеке инвестициялар және азаматтық бастамалар салаларына қатысты инновациялық шешімдерін ұсынды.

Спикерлер ретінде БҰҰ Бас хатшысы, БҰҰДБ Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросының жетекшісі Джихан Султаноглу, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бас экономисті Сергей Гурьев, өңірдегі елдер үкіметтерінің өкілдері, БҰҰ әртүрлі агенттіктерінің басшылары және консалтингтік компаниялардың жетекшілері сөз сөйледі.

CSI Бас директоры және басқарушы серіктесі, сондай-ақ Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылатын Ернар Жаркешов спикер ретінде сөз сөйледі және үкіметтің, жеке сектордың және азаматтық қоғамның серіктестігін нығайту қажет екенін және тұрақты экономикалық даму үшін сапалы диалог құру қажет екенін атап өтті, және қазіргі таңда 40 ел қатысатын Астанадағы мемлекетік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың қызметін мысал ретінде келтірді.

Атап айтсақ, Е. Жаркешов Стратегиялық бастамалар орталығының қызметінен мысалдар келтіре отырып, консалтингтік қызметтердің сараптамасы жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік корпорациялардың операциялық моделін трансформциялау үшін қалай тиімді пайдаланылуы мүмкін екендігіндігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сөз соңында ол өңірдегі елдер үшін үздік әлемдік стандарттардың негізінде жергілікті сараптаманың әлеуетін сәтті шоғырландыра алатын және өз елдерінің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына айталықтай үлес қоса алатын отандық консалтингтік компаниялар мен білім беру орталықтарының өсуі үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018