CSI
«Озат» бағдарламасының стипендиаттарына сертификат тапсырылды
06 наурыз 2017
Қазақстандың жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарының үздік студенттерін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры ынталандырады.
Қор оқу жылының екінші семестріне «Озат» бағдарламасының стипендиаттарын іріктеді.

Бағдарлама оқытудың екінші семестріне 30 мың теңге көлемінде
135 стипендияны қарастырады. Стипендияға Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттері өтінім тапсырды.

3 наурызда сағат 17.00-де «Озат» стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздарына сертификат тапсыру салтанаты өтті. Тапсыру салтанатына «Samruk-Kazyna Trust» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жобалар қызметінің басшысы Нұрлан Оразалиев, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Диас Лима, «Taiburyl» ҚБ жобасының Әкімшілік басқарма төрағасы Олжас Құдайбергенов және Астана қаласынан студент-стипендиаттар қатысты.

Еске сала кетейік, «Озат» стипендиялық бағдарламасының бұл екінші кезеңі ағымдағы жылдың 31 қаңтарынан бастап 14 ақпанына дейін жүзеге асырылды. 17 ақпанда талапкерлердің өтінімдерін қарастыру бойынша комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамы мынадай:

  1. Комиссия төрағасы — Мұрат Әбенов — «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары;
  2. Диас Лима — «Samruk-Kazyna Trust» ресми өкілі;
  3. Дәрмен Сәдуақасов — «CSI» аға серіктесі;
  4. Арман Қашқынбеков — ENZEN вице-президенті;
  5. Талғат Тұрлыбаев — «КИРИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Стипендия алуға 245 өтінім берілді, оның ішінен комиссия Ереженің барлық талаптарына сәйкес келген 135 стипендиатты іріктеп алды.

«2016 жылдың қыркүйегінде біз «Тайбурыл» қорының бастамасын таңдадық және оны дамытып, «Озат» стипендиялық бағдарламасына айналдырдық, себебі техникалық мамандықтар — бұл тапшы кәсіптер, олар қордың барлық еншілес компанияларында барлық өңірлерде талап етіледі. Сондықтан біз ЖОО түлектерін, студенттерді қолдаймыз, және, стипендиаттарға көрсетілетін материалдық көмек оқуды жалғастыру үшін демеу болады деп сенеміз», — деді Нұрлан Оразалиев.

«Егер біздің басқа стандартты бағдарламаларда қандай да бір шектеулер болмаса, тап осы «Озат» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде біз тек техникалық саланың студенттерін ғана таңдаймыз. Біз үміткерлерді іріктеу үдерісіне барынша қатаң қарадық, барлығы барынша ашық және айқын өтуі үшін қоғамдық сенімге ие сарапшыларды шақырдық», —деп атап өтті Олжас Құдайбергенов.

Бағдарлама стипендиаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
Дана Жалимбетова бағдарлама шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ-да, трансформация бөлімінің жобаларды басқару блогында өткен тағылымдама туралы айтып берді. Оның басты міндеті нақты жанды жобаларды іске асыру болды. Сондай-ақ ол түрлі шеберлік сабақтарына қатысты, бұл өз кезегінде тек қаржылай эквивалентте ғана емес, сонымен бірге карьералық мәнде үлкен қолдаушы тәжірибе болды.

Бағдарлама әкімшісі болып «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі табылады. «Озат» стипендиялық бағдарламасы 2016 жылғы 20 қыркүйекте бастау алды, қатысуға өтінімдер бағдарламаның ресми сайты www.taiburyl.kz арқылы қабылданды. Байқау туралы Ереже және басқа ақпарат www.sk-trust.kz және www.taiburyl.kz сайттарында жарияланды.

«Озат» стипендиялық бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы топтарының - «Менің елім»әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының желілік жобаларының бірі болып табылады.

Анықтамалық:

«Samruk-Kazyna Trust» — Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызды бағдарламалар мен өзекті және әлеуметтік маңызды сұрақтарды шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры компаниясының тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018