CSI
CSI мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
07 наурыз 2017
Келісімге СSI компаниясының Аға серіктесі Олжас Құдайбергенов және Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов қол қойды.

Меморандумға сәйкес, СSI мен Астаналық хаб өзара аналитикалық және сараптамалық қолдау көрсетуге, тәжірибемен және біліммен алмасуға, және мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге ниет білдірді.

Ынтымақтастық ақпаратпен алмасуды, ұсыныстар дайындауды, аналитикалық шолулар жасауды, көрсетілімдер, біріккен жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді көздейді. Меморандумда сондай-ақ семинарларды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және брифингтерді ұйымдастыру қарастырылған.
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018