CSI
CSI Research&Lab және Хьюлетт-Паккард өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
8 тамыз 2018
2018 жылғы 8 тамызда Астанада CSI Research&Lab (CSI Group-тың еншілес ұйымы) және Хьюлетт-Паккард өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде тараптар ұлттық ауқымды АТ саласындағы жобаларды іске асыру шеңберінде ынтымақтасу туралы уағдаласты.

Тараптар Қазақстанда енгізіліп жатқан, міндетті медициналық сақтандырудың АТ инфрақұрылымын жаңарту бойынша жобаларды іске асыру саласындағы ерекше қызығушылығын атап өтті.

Тараптар осы меморандумды іске асыру мақсаттары үшін бірлескен жобалық командаларды құру туралы уағдаласты, олар Хьюлетт-Паккардтың жаһандық және салалық сараптамасын және CSI Research&Lab консультанттары иеленетін, тәжірибе мен қазақстандық нарықтың терең білімін біріктіреді.
Қазақстан мен Қырғызстандағы Хьюлетт-Паккард ЖШС-нің бас директоры, Дана Алтыбаева атап өткендей: «Hewlett-Packard компаниясы Қазақстанның заманмен және жаһандық экономикалық трендтермен қатар жүргеніне және экономиканың барлық өзекті салаларының дамуына көмектесетін әрі елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының бірі болып табылатын, ақпараттық технологиялар саласын қоса алғанда, экономиканың барлық секторларының белсенді дамығанына мүдделі. Біз көріп отырғандай, CSI group Қазақстандағы консалтингтік қызметтер саласын дамыту үрдісіне өзекті қатысушылардың бірі болып табылады, оған өте сәтті қалыптастырылған сарапшылар құрамы қолдау көрсетеді және соңғы екі жыл ішінде сәтті іске асырылған бірқатар жобалармен расталады. Осы меморандум Қазақстан мен өңірдегі ақпараттық технологиялар нарығында одан әрі бірлесіп әрі табысты ынтымақтасуымыздың бастамасы болатынына сенімдіміз».

Ынтымақтастық туралы бірлескен құжатқа қол қоюға түсініктеме бере отырып, CSI group аға серіктесі, Олжас Худайбергенов былай деді: «Осы ынтымақтастық туралы құжат және жобаларды бірлесіп іске асыру ниеттеріміз біз үшін Қазақстандағы жоғары кәсіби консалтингтік қызметтер нарағындағы CSI сараптамасы мен ұстанымын мойындау факторларының бірі болып табылады. Біз осы бағыттың көшбасшыларымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және клиенттеріміз бен еліміздің игілігіне жобаларды сәтті іске асыру үшін бар күшіміз бен білімімізді салуға дайынбыз».

Индустрияның әлемдік және мойындалған көшбасшыларымен осындай құжаттарға қол қою жалпы Қазақстан экономикасының одан әрі жан-жақты дамуына және жергілікті компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға оң әсер ете алады, бұл өз кезегінде елді дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге оң әсер ету керек.



Ақпарат үшін:

CSI Research & Lab - тәуелсіз консалтингтік және аналитикалық қазақстандық компаниясы CSI Group еншілес ұйымы болып табылады және мемлекеттік және жеке ұйымдарға технологиялық кеңес беру қызметтерін ұсынады. Қызмет көрсетілетін бизнес-процестерді оңтайландыруға, тәуекелдерді азайтуға және шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға, шығындарды азайтуға және ұйымдардың пайдасын арттыруға мүмкіндік береді.

CSI Research & Lab компаниясының құзыретіне IT, GIS технологиялары, энергия, баламалы энергетика кіреді. Көрсетілетін қызметтердің бағыты: ғылыми зерттеулер, технологиялық аудит, технологиялық жобаларды басқару, қалалық инженерлік жүйелерге қызмет көрсету, Smart City жобалары.



Байланыс ақпараты:

+7 7172 95 48 49
info@csi.kz

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018