CSI
СSI және Дүниежүзілік экономикалық форум
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
10 мамыр 2017
Астана, Қазақстан — Стратегиялық бастамалар орталығы (бұдан әрі "CSI") және Дүниежүзілік экономикалық форум (World Economic Forum, бұдан әрі - ДЭФ) қол қойған ынтымақтастық туралы келісім CSI-дың ДЭФ Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есебі (Global Competitiveness Report) бойынша Қазақстандағы негізгі серіктес ұйым ретінде мәртебесін бекітеді. Серіктестіктің аталған шеңберінің негізгі мақсаттары Қазақстанда бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, аналитикалық материалдар әзірлеу және Қазақстан Республикасының дамуын қолдау болып табылады.

ДЭФ ірі бизнесмендерді, саяси көшбасшыларды, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерін ғаламдық, аймақтық және салалық күн тәртібін қалыптастыруға қатыстыру арқылы дүние жүзінің даму жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік-жеке меншік ынтымақтастықты арттыратын халықаралық ұйым. ДЭФ Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. (www.weforum.org)

CSI Астана қаласында орналасқан тәуелсіз консалтингтік және аналитикалық қазақстандық компания болып табылады. Компания жергілікті сараптамалық әлеуетті ең үздік әлемдік стандарттары мен тәжірибелерімен сәтті біріктіріп, мемлекеттік және жеке меншік секторларындағы клиенттерге стратегиялық консалтинг саласында қызметтер ұсынады.
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018