CSI
СSI және Dornier Consulting International консалтингтік компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
4 қараша 2017
Астана, ҚазақстанСтратегиялық бастамалар орталығы
(бұдан әрі "CSI") және Dornier Consulting International консалтингтік компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл оқиғаның Astana-EXPO2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ресми ашқан Германия күніне сәйкес келгенінде нышандық мән бар.

CSI және Dornier Consulting International тығыз ынтымақтастық туралы келісіп, көлік, инфрақұрылым, мемлекеттік басқару (стратегиялық консалтинг) және энергетика сияқты салаларда консалтингтік қызметтерді көрсету жөніндегі бірлескен жобалармен жұмысын бастады.

Dornier Consulting International - AIRBUS компаниясының 100 % еншілес компаниясы болып табылады, халықаралық нарықта 100 жылдан астам стратегиялық әрекет жасайды, штаб-квартирасы Берлинде орналасқан, Гамбургте, Мюнхенде, Штутгартте, Франкфуртте, Астанада, Абу Дабиде, Дубайда, Амманда, Рияд пен Киевте кеңселері бар.

CSI Астанада тіректенген, қазақстандық тәуелсіз консалтингтік және талдау компаниясы болып табылады. Компания мемлекеттік және жеке сектордағы клиенттері үшін стратегиялық консалтинг саласында қызметтерді көрсете отырып, жергілікті сараптаманы үздік дүниежүзілік стандарттар және тәжірибелермен табысты біріктіруде.
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018