CSI
Астана қаласында Стратегиялық бастамалар орталығы Стратегиялық кеңесінің бірінші отырысы болып өтті
15 қыркүйек 2016
2016 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанның жаңа тәуелсіз консалтингтік компаниясы — Стратегиялық бастамалар орталығының Стратегиялық кеңесінің бірінші отырысы Астана қаласында өтті.

Стратегиялық кеңес құрамына мемлекеттік менеджерлер мен бизнесмендер: Б. Акчулаков, Д. Ергожин, О. Жандосов, Д. Идрисов,
Д. Калетаев, В. Ким, Н. Кусаинов и К. Ракишев, сондай-ақ Орталықтың аға серіктестері Д. Садвакасов және О. Худайбергенов кіреді.

Орталықтың Бас серіктесі Дармен Садвакасов Стратегиялық кеңестің мүшелеріне Қазақстанда және шет елдердегі көп жылдар бойы жұмыс тәжірибесі бар топ серіктестерін таныстырды. Орталықтың жоғары сапалы қызметі әлемдегі жетекші консалтингтік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар және қазақстандық ерекшелікті терең түсінетін аналитиктер мен консультанттар құрамын құру есебінен қамтамасыз етіледі.

Дармен Садвакасов: «Стратегиялық бастамалар орталығымен ынтымақтастық жоғары сапалы консалтингтік және аналитикалық қолдауға мүдделі бизнес-құрылымдарына да немесе мемлекеттік секторға да пайдалы болмақ. Біздің құндылықтарымыз клиенттердің мүдделері, ақпаратты қорғау, кәсіптік және жоғары құзыреттік болып табылады», — деп, пікірін білдірді.

Алғашқы отырысы 15 қыркүйекте өткен Стратегиялық кеңестің шешімдері ұсыныстық тұрғыда болады. Кеңес мүшелерінің клиенттердің коммерциялық және басқа да ақпараттарына қолжетімділігі болмайды, бірақ Стратегиялық кеңес мүшелерінің тәжірибесі, білімі мен дәрежесі Орталықтың қызметіне жоғары корпоративтік стандарт беруіне жол ашады.
Стратегиялық кеңестің бірінші отырысында Орталықтың даму тұжырымдамасы ұсынылып, қаралды, көптеген ұйымдастырушылық сұрақтар талқыланды. Үздік әлемдік стандарттарға сәйкес қазіргі кезеңдерде ішкі рәсімдер мен процестерді қалыптастыруға негізгі назар салынатын болады. Сондықтан, жақын арада кадрларды іріктеудің көпсатылы жүйесін енгізу, ІТ-инфрақұрылым жасау, әдеп кодексін енгізу, жылсайын аудирленген қаржылық есепті жариялау және басқалары жоспарланған.

Стратегиялық кеңесінің отырысында Жол картасын қоса алғанда бірқатар ішкі құжаттар, бекітіліп, жобалық қызметтің басым бағыттары белгіленді.

Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Худайбергенов Орталықтың маңыздылығы мен бірегейлігі жайлы пікірін білдірді: «Халықаралық консалтингтік компаниялар жоғары сапалы құжаттар дайындауға мүмкіндік беретін ішкі рәсімдердің жоғары сапасына ие, алайда кей жағдайда жергілікті ерекшелікті түсінбеушілік мүмкіндігімен байланысты сұрақтар жиі туындап отырады. Біз Стратегиялық бастамалар орталығында жергілікті ерекшелікті жақсы түсінетін және халықаралық консалтингтік құрылымдардағыдай жоғары сапаны қамтамасыз ететін топ жинадық.

Олжас Худайбергенов өз сөзінде Орталықтың негізгі қызметтері: стратегиялық консалтинг, кәсіпорындарды қосу және жою, қайтақұру, жекешелендіру және инвесторларды қолдау, Қазақстан экономикасының макроэкономикасы, мұнай-газ, қаржылық және көлік салалары бойынша жоғары сапалы талдау материалдарын даярлау мәселелері бойынша консалтингтік қызметтер көрсету
болып табылатынын атап өтті.

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018