CSI
АЭФ 2018 аясында CSI дөңгелек үстелінде жаһандық экономикалық сын-тегеурін жағдайларындағы салық және бюджет саясаты талқыланды
17 мамыр 2018
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

АЭФ 2018 аясында CSI дөңгелек үстелінде жаһандық экономикалық сын-тегеурін жағдайларындағы салық және бюджет саясаты талқыланды

2018 жылғы 17 мамырда Астанада ХІ Астана экономикалық форум аясында «Жаһандық экономикалық сын-тегеурін жағдайларындағы салық және бюджет саясаты» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Осы сессияны өткізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп Стратегиялық бастамалар орталығы (CSI)бастамашы және ұйымдастырушы болды.

Дөңгелек үстелге ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ірі қаржы компаниялардың, халықаралық ұйымдарды, зерттеу орталықтарының, ҮЕҰ, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел шегінде салық және бюджет саясатына ықпал ететін жаһандық сын-тегеуріндер талқыланды:

  • дүниежүзілік экономиканың көшбасшы-елдерінің сыртқы сауда саясатының қолжампаздық жағына ықтимал өзгеруі;
  • төртінші өнеркәсіптік төңкеріс дәуірінде экономикалардың түрленуі;
  • ұзақ мерзімді перспективада мұнайға сұраныстың төмендеуі;
  • Орталық-Азия өңіріндегі экономикалық көшбасшылықтың Өзбекстан жағына қарай ықтимал ауысуы;
  • 4.0 Индустрия тұрғысынан қаржы секторының сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері.
Сонымен бірге қатысушылар салық мөлшерлемелерін арттыру, «көлеңкелі» экономиканы қысқарту және қолдампаздық саясатын өткізуге ауысу сияқты мемлекеттік табыстар мен игіліктерді қайта бөлісудің жаңа көздерін қарастырды.

Алғы сөзбен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Даленов сөз сөйледі. Ол дөңгелек үстел аясында талқыланатын мәселелердің маңызын атап өтіп, іс-шара мен форум шегінде айтылған шешімдердің бөлігі сандық жүйеге көшіру және республиканың қаржы секторы тетіктерін дамытудың соңғы бағдарламаларын ескерумен Қазақстанның салық саясатының элементтерінде өз көрінісін табады деп үміт білдірді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі негізгі баяндамамен сөз сөйлеп, Қазақстандағы салық саясатының негізгі заманауи мәселелер мен осы сектордағы әлемдік трендтер туралы баяндады.

Сессия модераторы, Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, Қазақстандағы экономика саласындағы барлық жаһандық сын-тегеуріндер шынайы және олармен жұмыс істеу қажет.

Пікірсайысқа халықаралық ұйымдардың өкілдері және шетелдік сарапшылар қатысты. Олардың ішінде Дүниежүзілік банктің сарапшысы Раджул Ауасти дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға, CSI тақырыптың өзектілігі мен көтерілген мәселелер, талқыланған ықтимал шешімдер мен әртүрлі көзқарастарды тыңдауға мүмкіндік берген сессия қатысушылардың теңдестірілген құрамы үшін алғыс айтып, сөз сөйлегендердің ел экономикасының өсуін арттыру үшін негізгі мәселелердің бірі экономикалық контрагенттерді көлеңкеден шығару болып табылады деген пікірін қолдады.
Пікірсайысқа негізгі қатысушылардың бірі Михаил Хазин өңірдегі экономикалық бірігу арқасында, Қазақстан ел экономикасының жоспарланған өсуіне жақсы әсер ететін елеулі ілгерілеуге жетуге қабілетті деп сенім білдірді.

Пікірталасқа мемлекеттік және жекеше сектордың, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық консалтингтік компаниялардың өкілдері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев, Банк Центр Кредит АҚ Басқарма төрағасы –Ғалым Құсайынов, Әлемдік саясат және экономика институтының директоры – Ержан Салтыбаев, Tengri Capital басқарушы әріптесі – Әнуәр Үшбаев, BCG басқарушы директоры – Сергей Перапечка және басқалары қатысты.
«АЭФ – бұл жеңіл дипломатияның нысаны. Бұл экономикалық емес, саяси жағы басым оқиға, осы форумда өте қолайлы жағдайда біздің шенеуніктердің шетелдік адамдармен қатынастары жақсарады.
Бұл мемлекетіміз үшін маңызды»,
- дейді Олжас Құдайбергенов.

Осындай сессияны өткізу қаржы секторы мен салық саласының перспективаларын одан арғы жан-жақты зерттеуге, салық салу саласында Қазақстан алдында тұрған жаңа сын-тегеуріндерді анықтауға және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына сәйкес елді дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуді қалыптастыруға оң әсерін тигізуі мүмкін.


Ақпарат үшін:

Стратегиялық бастамалар орталығы (CSI – Center for Strategic Initiatives) – тәуелсіз консалтингтік және аналитикалық қазақстандық компания. CSI – бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша зерттеулерді жүргізу және аналитикалық материалдарды дайындау бөлігінде Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Ұлттық әріптесі болып табылады.

Стратегиялық бастамалар орталығы стратегиялық консалтинг, аналитикалық зерттеулер, мемлекеттік және жекеше сектордың клиенттері үшін қаржылық модельдеу және мәмілелерді сараптамалық сүйемелдеу саласында қызметтерді ұсына отырып, кең жергілікті сараптаманы үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибелермен табысты біріктіреді. CSI стратегиялық консалтинг саласындағы жетекші халықаралық компаниялармен, қаржы және медиа коммуникациялар нарығының дүниежүзілік көшбасшысы Thomson Reuters-пен және Wood Mackenzie, Rystad Energy және Enzen сияқты энергетика саласындағы танылған сарапшылармен ынтымақтастығы да клиенттерге жаһандық сараптаманы ұсынуда және олардың мүдделерін тиімді алға жылжытуда айтарлықтай артықшылық береді.

CSI энергетика, қаржы, инфрақұрылым саласын мен басқа секторлардағы мемлекеттік органдарды, реттеушілерді, квазимемлекеттік және жекеше компанияларды қоса алғанда клиенттердің өңірдегі кең ауқымымен жұмыс істейді.

Компания сарапшыларымен жүзеге асырылған жобалардың ішінде - World Bank, Asian Development Bank, Barclays, Lloyd Bank, CNPC, Glencore, ENRC, Exxon Mobil, Arcelor Mittal, РУСАЛ, Қазцинк, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «ҰК ҚазақстанТемірЖолы» АҚ, ҰӘҚ «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ және басқалары сияқты компаниялардың консалтингі.



Байланыс ақпарат:

+7 7172 95 48 49
info@csi.kz
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018