CSI
Елімізде өзіміздің біліктілігі жоғары
сарапшылар жеткілікті


24 тамыз 2018
Бүгінде білім аламын, жұмыс істеймін деген адамға мүмкіндік көп. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған түлектердің қатары биыл 10 мыңға жетті. Олар тек үкіметтік ұйымдарға ғана емес, сондай-ақ жеке-меншік компанияларға өз үлесін қосуда. Солардың бірі Стратегиялық бастамалар орталығы CSI. Консалтинг қызмет түрін көрсететін компанияда көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз сараптамашы болып қызмет атқарады. Өзіміздің қыз-ұлдарымыз шет елдік мамандардан артық болмаса, еш жері кем емес. Олар консалтинг жағынан Үкіметке, ешқандай шет елдік компаниялардың көмектеріне жүгінбей-ақ қызмет етіп, ақыл-кеңес бере алады. Өйткені CSI орталығы қызметкерлерінің халықаралық тәжірибесі бар. Осындай идеямен құрылған компания қазірдің өзінде шет елдік алыптарға бәсекелес болуда. Бұрында елге маңызды зерттеулерді Үкімет шет елдік компанияларға тапсырса, енді қазақстандық компанияның деңгейін ескере отырып, олармен санасатын болды.



Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018