CSI
ДЭФ ЖБҚИ бойынша 2018 жылғы рейтинг нәтижелері жөнінде релизі
17 қазан 2018
2018 жылғы 17 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБҚИ) бойынша жыл сайынғы есепті жариялады.

2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын және төртінші индустриялық революцияның (4ИР) дамуын ескере отырып, 2018 жылы ЖБҚИ әдіснамасы айтарлықтай өзгертілді.

Жаңа ЖБҚИ 4.0 әдіснамасына сәйкес статистикалық индикаторларға негізгі екпін жасалды (олардың үлесі 70%, ал сауалнамалық индикаторлардың үлесі 30% құрайды). Сонымен қатар, барлық факторлардың үлестері бірдей.

ЖБҚИ есебінің құрылысы мынадай 12 фактордан тұрады: «Инфрақұрылым», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)», «Макроэкономикалық тұрақтылық», «Денсаулық», «Білім және дағдылар», «Тауарлардың нарығы», «Еңбек нарығы», «Қаржылық жүйе», «Нарықтың өлшемі», «Бизнестің қарқындылығы» және «Инновациялық әлеует».

ЖБҚИ 2018 есебінде бағаланатын елдердің саны 140 елді құрады, олар әлемдегі барлық халықтың 94% және әлемдік ЖІӨ 98% қамтиды. ЖБҚИ 98 көрсеткіштерге шақталады, олардың арасында 54 көрсеткіш халықаралық ұйымдардың деректеріне негізделеді, ал 44 көрсеткіш ЖБҚИ сауалнамасына негізделді.

Биылғы жылы рейтингте Америка Құрама Штаттары бірінші орынды алды, бұл рейтингке соңғы 5 жыл ішіндегі көшбасшылардың үштігі кірді. Рейтингтің көшбасшылары болып Сингапур, Германия, Швейцария және Жапония қалды.

2018 жылғы рейтингтің нәтижелері бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллымен 59-шы орынды иеленді, яғни 2017 жылғы жайғасымда қалды.

Бәсекеге қабілеттіктің 12 факторының арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар орын алды, яғни 4 фактор бойынша төмендеді және 3 фактор бойынша жайғасымдар төмендеген жоқ. 98 индикатордың арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.


Қазақстанның бәсекеге қабілеттігінің артықшылықтары: еңбек нарығы – 30-шы орын (3 жайғасымға жақсарды) және бизнестің қарқындылығы – 37-ші орын (2 жайғасымға нашарлады).

ДЭФ бағасына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеттігі мынадай факторлар бойынша орташа деңгейде тұр: «АКТ» - 44-ші орын, «Нарықтың өлшемі» – 45-ші орын, «Білім және дағдылар» – 57-ші орын, «Тауарлар нарығы» - 57-ші орын, «Институттар» - 61-ші орын және «Макроэкономикалық тұрақтылық» - 62-ші орын және «Инфрақұрылым» - 69-шы орын.

Қазақстанның әлсіз жайғасымдары ретінде мынадай факторлар анықталды: «Қаржылық жүйе» – 100-ші орын, «Денсаулық» - 97-ші орын және «Инновациялық әлеует» - 87-ші орын.

Рейтингте айтарлықтай жақсартулар 12-жайғасымнан 61-ші орынға көтерілген «Институттар» факторлары бойынша және 10-шы жайғасымнан 57-ші орынға көтерілген «Тауарлардың нарығы» факторлары бойынша атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстан келесі факторлар бойынша оң динамиканы көрсетті: «Инфрақұрылым» (69-шы орын, 2017 ж. – 72-ші орын) және «Еңбек нарығы» – (30-шы орын, 2016 ж. – 33-ші орын), «Қаржылық жүйе» – (100-ші орын, 2016 ж. – 102-ші орын).

2 фактор бойынша төмендегені байқалды, олар: «Білім және дағдылар» (57-ші орын, -5 жайғасым) және «Денсаулық» (97-ші орын, -3 жайғасым).

«Инновациялық әлеует» (97-ші орын), «АКТ» (44-ші орын) және «Нарықтың өлшемі» (45-ші орын) сияқты 3 фактор бойынша Қазақстанның жайғасымы өзгерген жоқ.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстанның

2017-2018 жж. жайғасымдары

НОВОСТИ
30 май 2018
8 августа 2018
ТМД елдерінің арасында Қазақстан Ресейден (43-ші орын) кейін 2-ші орынды иеленді (59-шы орын).