CSI
CSI сарапшылары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспары жобасын талқылауға қатысты
17 қараша 2016
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) алаңында сарапшылық қауымдастық өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанның
25 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын жасау және «5 институционалдық реформаларды іске асыру бойынша
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауды талқылау болды.
Шара барысында министр сарапшыларға елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарының негізгі қағидаларын таныстырды.

Өз сөзінде министр атап өтті, Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген реформалардың арқасында Қазақстан экономиканың қарқынды дамуын көрсетті және шетелдік капитал үшін тартымды болды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің жылдарында қол жеткізген басты жетістіктер, менің ойымша, біз кең кәсіпкерлік топты құрдық, жекеше бастаманы жолға қойдық, жеке меншіктің дамуы үшін жағдайлар жасадық. Мемлекет басшысы жиі айтып факт, 25 жылда біздің экономикаға сыртқы шетелдік инвестициялардың 260 млрд. доллар қаражаты тартылды. Егер инвесторлар өз қаражатын салатын болса, бұл елдегі жекеменшік құқығын қорғауға сенім бар екендігін білдіреді», - деді Бішімбаев.

Министр атап өткендей, Қазақстан көрші елдерге қарағанда, сыртқы дағдарыс көріністерінің ықпалын жеңіл өткерді.

«Соңғы 7-8 жылда Қазақстан барлық дерлік уақытта халықаралық дағдарыстық оқиғалар ағынында болды, соған қарамастан, экономикада құлдырау болмады. Президент біздің экономикамыздың тұрақтылығы едәуір артқанын әрқашан айтады. Егер өңірдегі біздің көршілерге қарайтын болсақ, біз оларға дағдарыстық құбылыстардың қалай әсер еткенін көре аламыз: шұғыл экономикалық құлдырау, өндіріс пен инвестициялардың көлемі қысқарады. Бізде тежелу, төмендеу болуы мүмкін, бірақ біздің экономика оң динамиканы сақтайды, біз барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отырмыз», - дейді Бішімбаев.

Министр 25 жылда Қазақстанның экономикасы 8 есе артқанын, жұмыссыздық деңгейі 2 есе дерлік төмендегенін, ал денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыру 8,5 есе артқанын баса айтты.

«Әлемдік экономикадағы жаңа стратегиялық міндеттер мен шұғыл өзгерістер орташа мерзімді ұлттық іс-әрекеттерді жаңа шарттарға түзету және бейімдеуді талап етті. Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспары «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізу жолында іске асырылуы тиіс басымдықтар мен бастамаларды айқындайды. 2025 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарын іске асыру қорытындысы 7 ұлттық жетістік болуы керек», - деп ақпараттандырды Бішімбаев.

Ол жаңа құжат шеңберінде өмір сүрудің орташа ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыруға мүмкіндік беретін, халық денсаулығын жақсарту бойынша шаралар жалғастырылатынын атап өтті. Оның үстіне, барлық қалалар орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық, ал ауылдар 80% қамтамасыз етіледі деп болжануда.

Құжат сондай-ақ өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Бағдарламасын әзірлеуді көздейді. Жаңа бағдарламаға микронесиелеу көлемдерін кеңейту, кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру, қарыздарды кепілдендіру және субсидиялау жүйесі, берілген микронесиелер бойынша жобаларды сүйемелдеу, кепілзатсыз несие беру және еңбекке орналастырудың ұлттық платформасын құру енгізілетін болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 1 млн. дейін кәсіпкерлер өз ісін құру немесе кеңейту мүмкіндігіне ие болады, соның ішінде 500 мың жаңа кәсіпкерлер пайда болады.

Стратегия шеңберінде, 2025 жылға қарай шамамен миллион отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге көшеді деп жоспарланады, 100 млн. шаршы метр баспана салынады. Нәтижесінде баспанамен қамтамасыз ету жан басына шаққанда 21-ден 25 шаршы метрге дейін артады. Бұл үшін «Нұрлы Жер» Бағдарламасын іске асыру көзделген, оған дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдерін бөлу жолымен ЖТЖ дамыту, жекеше құрылысшыларды ынталандыру, әлеуметтік әлсіз топтар үшін жалдама баспананың өңірлік қорын құру, коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеуін арзандату кіреді.

Сондай-ақ, экономикадағы мемлекеттік қатысу үлесі 2020 жылға қарай 15%-ға дейін қысқарады, ал ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 2020 жылға қарай 30% және 2025 жылы 35% құрайды. Аталған бағыт шеңберінде айқындалған шаралар арасында, 2020 жылға дейін жекешелендірудің Кешенді жоспарын іске асыру, мемлекеттік меншік құрылымын реформалау, ведомствоға бағынысты ұйымдарды түгендеу қорытындылары бойынша 242 ұйымды жою, 2017 жылдан бастап экономика салаларында бағалық реттеуден монополияға қарсы әрекет ету шараларына қарай ауысу және әкімшілік тосқауылдарды төмендету бар.

ҚСЗИ басшысы Ерлан Карин министрге ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіріп, стратегиялық құжатты әзірлеудің уақыттылығын атап өтті.

«Өте көп қызықты бағалаулар айтылды. Мен, сарапшы ретінде, 25-жылдық даму кезеңі бойынша деректер берілгеніне өте қуаныштымын, себебі біз бүгін мерейтойлық күннің маңыздылығы туралы айтамыз, алайда осы тәрізді жалпылама бағалауды сирек естиміз», - деді Карин.

Ақпарат көзі: Zakon.kz
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018