CSI
CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов Қашаған кен
орны бойынша өзінің сарапшылық пікірімен бөлісті
18 қазан 2016
"Қашағанда кен өндіру көлемі жуырдағы үш жылда жылына 7-ден 13 млн тоннаға дейін артатын болады, олар қолда бар маршруттармен еш кедергісіз шығарыла алады.

Кен өндіруді әрі қарай арттыру басқа бағыттарды талап ететін болады, әзірге оған техникалық тұрғыдан дайын емес. Бұл «Кенкияк – Алашанькоу» арқылы Қытайға және «Ескине – Кұрык» арқылы Әзірбайжанға жеткізу. Кен өндірудің басталуына орай әзірбайжандық бағыт бойынша әңгімелер тағы да басталды, бірақ онда құбырлар жүргізу қажет. Одан әрі Бакуге дейін құбыр тарту неғайбыл, себебі танкерлерді пайдаланған оңайырақ. Жалпы алғанда, қазір жобаны қаржыландыру туралы сұрақ туындап отыр, ол шешілсе, құрылыс басталады.

Қашағанда көп мұнай өндірілетін болады, оларды тасымалдау үшін барлық бағытта қуаттылық керек болады ", – деп өзінің сарапшы ретінде пікірімен бөлісті CSI аға серіктесі Олжас Құдайбергенов.

Қашаған кен орнынан мұнай тасымалдау сұрақтары бойынша сарапшылық бағалаулардың толық нұсқасын http://ia-centr.ru/expert/24164/ сілтемесі бойынша алуға болады.
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018