CSI
Құдайбергенов CSI Group-тағы Сәдуақасовтың
үлесін сатып алмақ

20 наурыз 2018
Стратегиялық бастамалар орталығының бас директоры және басқарушы әріптесі болып Ернар Жәркешов тағайындалды.

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы сарапшы.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Бирмингем Университетінде үздік бакалавр (firstclasshonours), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде қаржы жөніндегі бакалавр және Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік саясат саласындағы ғылымдар магистрі дәрежесін алған (Ли Куан Ю атындағы магистерлік шәкіртақы бойынша). Көшбасшылығы, үздік оқығаны, дипломдық жұмысы мен университетке қосқан үлесі үшін жоғары академиялық жүлделермен марапатталды.

2017 жылғы наурыздан бастап 2018 жылғы наурызды қоса алғанда Ернар Жәркешов Стратегиялық бастамалар орталығының атқарушы директоры болып жұмыс істеді, Орталықтың кәсіби командасын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, мемлекеттік секторды өзгерту бойынша жобаларды табысты іске асырды.

2014 жылдан бастап 2017 жылғы наурызды қоса алғанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасында Зерттеу орталығының басшысы, 40 қатысушы-ел енетін Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың (www.regionalhub.org). аппарат басшысы болып қызмет етті.

Соңғы лауазымында Хабтың анатиликалық жұмыстары мен зерттеулерінің стратегиялық бағыттарын анықтау және дамытумен, өңір елдерінде жобалар бойынша Хабтың барлық командасына жетекшілік ету және үйлестірумен, Хабтың шетелде әріптестігін алға жылжытумен, Хабты халықаралық ұйымдарда, БАҚ-та білдірумен, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды жүзеге асыруды аналитикалық қолдауға қатысумен айналысты, Мемлекеттік қызмет реформасы мен тәжірибесі халықаралық журналының бас редакторы болды.

2012-2014жж. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы, директоры болып жұмыс істеді, елдегі мемлекеттік қызметтің реформаларын сүйемелдеу бойынша ғылыми-қолданбалы жобаларды (соның ішінде «А» басқарушы корпусын енгізу бойынша) басқарды.

2011-2012 жж. Экономикалық зерттеулер институтында және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Қазақстандық мемлекеттік-жекеше әріптестік орталығында бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2010 – 2011 жж. Сингапурда Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі зерттеу ассистенті және Asian Journal of Public Affairs академиялық журналдың редакторы болып жұмыс істеді.

ҚР Президенті Әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде, ҚР Президенті Кеңсесінде тағылымдамадан өтті. Кәсіби деңгейде қазақ, орыс, ағылшын тілін, орташа деңгейде қытай тілін меңгерген.

Ғылыми қызығушылықтары: мемлекеттік басқару, мемлекеттілік, мемлекеттік қызмет, саясат, экономика. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» басқарушы корпус және «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің басшы құрамы үшін дәріс оқиды.

Осы бағыттарда бір қатар жарияланымдары бар және «Қазақ мемлекеттілігі: тарихы, саяси және әкімшілік құрылымы, басқару институттары» атты монографияны (2016) шығарды
(бірлескен авторлық).
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018