CSI
Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы Давостағы отырысы 23-26 қаңтар аралығында өтеді
22 қаңтар 2017
Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын Швейцарияның Давос-Клостерс қаласында көптеген мемлекет және үкімет басшыларын, қоғамдық қайраткерлер мен сарапшыларды жинайды. Үш күннің ішінде әлемнің топ қаржы мамандбры Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс мәселелерін талқылап, әлемнің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартудың келесі үш тәсілдемесін назар аударады: бір де бір ел, ұйым немесе адам жаһандық мәселелерді өз бетінше шеше алмайтынын тағы да айқындайтын ынтымақтастық мәселесі; әлем өзара анағұрлым тәуелді болып бара жатқанын, сәйкесінше, оқшаулану мүмкін еместігін айқындайтын интеграция мәселесі; жемісті диалог жүргізуге итермелейтін конструктивизм мәселесі.

Қазақстан делегациясы толығынан Форумға қатысады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы (АХҚО) АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовтың басшылығымен Форум ауқымында Тhomson Reuters-пен бірлесіп, 25 қаңтарда «Those who dare win: exploring new frontiers» (Жеңіске жетуді қалайтындар: жаңа шекараларды зерттеу) тақырыбында пікірталас өткізеді. Іс-шараның спикерлері мен қонақтары ретінде әлемдік жетекші инвесторлар мен бизнесмендер сөз сөйлейді.

26 қаңтарда АХҚО өкілдері қаржылық технологияларға арналған Caspian Week 2018 секциясына қатысады. Сонымен қатар, АХҚО делегациясы әрекет етуші және әлеуетті серіктестермен бірқатар іскерлік кездесулер өткізіп, жаңа қаржы орталығының мүмкіндіктерін көрсетеді.

Толығырақ ақпаратты Сіз https://www.weforum.org/events/world-economic-forum-annual-meeting-2018 сайтынан таба аласыз.

Әлемдік әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту қағидаларын ұстанатын Дүниежүзілік экономикалық форум мемлекеттік-жеке ынтымақтастыққа бағытталған халықаралық ұйым болып табылады. Жаһандық, өңірлік және индустриялық күн тәртібін қалыптастыру үшін Форум саясат пен бизнес салаларындағы және қоғамның басқа салаларындағы жетекші көшбасшыларды іске араластырады. Штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. (www.weforum.org)

CSI – Астана қаласында орналасқан тәуелсіз консалтингтік және аналитикалық компания, сондай-ақ Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы баяндамасы бойынша ынтымақтастық саласындағы қазақстандық серіктес институты. Компания жергілікті сараптамалық әлеуетті ең үздік әлемдік стандарттары мен тәжірибелерімен сәтті біріктіріп, мемлекеттік және жеке меншік секторларындағы клиенттерге стратегиялық консалтинг саласында қызметтер ұсынады.

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018