CSI
Теңге осал болғанда экономика мықты бола ала ма?
23 тамыз 2018
Министрліктер мен ведомство өкілдерінің Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығымен кездесуі барысында мегаполис үшін келешегі бар салалар аталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің корреспондеті.

Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) жобалалар директоры Бақытжан Сәркеевтің сөз сөйлеуі залды жандандырды. Ол соңғы күндердің қапыл тақырыбы – валюта бағамынан бастады:

- Қатысушылардың көбі кездесуіміздің тақырыбы қаншалықты өзекті деген сұрақ қояр, себебі бірінші кезекте барлығымызды доллар бағамының өзгеру мәселесі толғандырады. Алайда, біздің «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» атты күн тәртібіміз қойылған сұраққа сәйкес келеді. Себебі біз тұрақты мықты экономиканы құруымыз керек, ал бұған тұрақсыз мықты бизнессіз қолжеткізу мүмкін емес. Негізінен, кездесуіміздің тақырыбын «Мықты бизнес – мықты экономика» деп те атауға болады.

Бұдан басқа, Бақытжан Құрманбайұлы отандық экономиканың негізгі проблемаларының бірі ретінде өнім экспорты мен импортының ара-қатынасын атады:

- Не себепті біздің валютамыз тұрақсыз? Себебі біз әлі күнге дейін негізінен шикізатты экспорттаймыз. Біздің экспорттық өніміміздің 90%-дан астамы – бұл мұнай мен металдар. Сол уақытта біз 70%-дан астам өңдеуші өнеркәсіп өнімін импорттаймыз. Осының ішіндегінің көбін біз өзіміз де өндіре аламыз. Неліктен біз өз-өзімізді шектейміз? Бар күшімізді осы бағытта шоғырландыру керек. Бұнда бүкіл экономиканың үлкен даму әлеуеті бар.

«Біздің негізгі міндетіміз – өңдеуші өндіріс үлесін арттыру, жеткізушілер санын арттыру, олар шығаратын өнім сапасын жақсарту, кластерлерді дамыту. Алматыда жеңіл, өңдеуші өнеркәсіп, туризм бойынша, компаниялар бірге жұмыс істейтін, бірыңғай баға саясаты болатындай, оның арқасында туристерді тартатындай кластерлер құру керек. Сондай-ақ, әрине, көліктік әлеует»,- деп айтты Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) жобалары жөніндегі директор Бақытжан Сәркеев Алматының бизнес-қоғамдастығы алдында сөз сөйлеу барысында.

Шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуы бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда Алматы көшбасшы. Алайда мұнда да оның үлесі дамыған елдер параметріне жетпейді.

«Егер біз әл-ауқаттың жоғарғы деңгейіне жеткіміз келсе, онда экономикадағы ШОБ үлесі кемінде 50% болу керек. Бүгінгі таңда ШОБ-тың республика бойынша ЖІӨ-дегі үлесі 27%, Алматы бойынша - 30%-дан жоғары. Экономикамыз аса тұрақты болу үшін, біз бұл үлесті жоғарылатуымыз керек. Бүгінде біздің бизнесіміз құрылыс және сауда секторына шоғырланған, бұл бизнестің 43%-ы. Өңдеуші өнеркәсіпте 12,4%. Алматының тағамдық өнеркәсіп бойынша әлеуеті бар, азық-түліктің барлық түрі бар, мұнда машина жасау өнімін, құрылыс материалдарын өндіруге болады, жеңіл, фармацевтикалық, химиялық өнеркәсіп, электроника жақсы дамыған. Ол үшін энергетикалық және көліктік әлеует бар, қалада ЖЭО, гидроэлектр станциялары бар, Алматы негізгі транзиттік дәліздерде орналасқан. Туризмнің келешегі бар», - деп Б.Сәркеев атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициялары туралы деректерді келтірлді және олардың негізінде еліміз осы күнге дейін көбінесе шикізат пен металдарды экспорттайтынын, сол уақытта негізінен өңдеуші өнеркәсіп өнімін импорттайтынын констатациялады.

«Әлеует бар, көбін өзіміз өндіре аламыз, кіим, азық-түлік, дәрі-дәрмектер. Ресей нарығына табысты шығып жатқан компаниялар да бар. Негізгі міндет – Қазақстанның экономикасы қазіргі уақыттағыдай сыртқы талықсытпаға осал болмау үшін, өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ үлесін арттыру керек», - деп Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) жобалалар директоры қорытындылады.

Дереккөз: forbes.kz 1 сілтеме, 2 сілтеме

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018