CSI
Біз экономикадағы ШОБ 50% үлесіне тезірек қол
жеткізуіміз керек
24 тамыз 2018
Астанада 23 тамызда «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбына бизнес өкілдерімен кезекті кездесуі өтті. Кездесуді CSI, Астана қаласының әкімдігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Экономикалық зерттеу институтымен, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу барысында CSI жобалар жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев қаладағы бизнесті одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер, Астанадағы шағын және орта бизнестің жағдайы, қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттігінің көрсеткіштері туралы, қаладағы бизнесті одан әрі дамытудың мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, Бақытжан экономикадағы ШОБ-тың үлесін ұлғайтудың қажеттілігін, ШОБ-ті жаңа өндірістерді дамытуға және қаланың экономикалық потенциалын ашуға қатыстыру қажеттігін атап өтті.

«Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 50%-ға жеткен жағдайда экономика тұрақты болады. Бүгінгі таңда ресми статистикаға сәйкес елде шағын және орта бизнестің үлесі 27%-ын құрайды. Бізге сол көрсеткішті ұлғайту қажет. Егер біз ел бойынша тұтастай тұрақты экономиканы құрғымыз келсе, онда экономикада біздің шағын және орта бизнестің үлесі кемінде 50%-ын құрау қажет».

Экономикадағы ШОБ үлесін және өңдеуші өнеркәсіп үлесін ұлғайту, сондай-ақ өз бизнесіміздің потенциалын жоғарылату тұрақты экономикаға әкеледі және АҚШ доллар бағамының өзгеруі сияқты сыртқы талықсытпаның әсерін төмендетеді.

Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму бойынша министрліктерінің, сонымен қатар Ұлттық банк өкілдері қатысушыларға Үкімет қабылдайтын және жоспарлаған бизнесті жүргізу үшін жағдайларын жақсарту бойынша, инфрақұрылымды, инновацияларды тарту, сондай-ақ қаржыландырудың қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жақсарту бойынша шаралар туралы айтып берді.

Бизнес өкілдерімен кездесу барысында отандық тауарды өндірушілерден салық өндіру сұрақтары, техникалық сертификаттау, "Даму" қорының бағдарламалары бойынша қаржыландыру және инновациялық гранттарды бөлу сұрақтары көтерілді. Сондай-ақ, жедел шешімді қажет ететін жүйелік сұрақтар көтерілді. Қорытынды бойынша Үкіметтің алдында бәсекеге қабілеттілігі бойынша Кеңесте осы шешімдерді анықтау үшін барлық айтылған мәселелі сұрақтар бойынша шешімді табу жоспарлануда.

Астанадағы кездесу іскерлік кездесу сериялары бойынша қорытынды болды. Болашақта осыған ұқсас кездесулер Қазақстанның басқа да аумақтарында өткізілу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018