CSI
CSI Стратегиялық бастамалар орталығы Гарвард университетінің Бизнес мектебі бағдарламасы бойынша оқитын, Қазақстаннан және Орталық Азия мен Кавказдың басқа елдерінен шыққан жас дарынды студенттерді қолдады.

2018 жылғы 25 қыркүйек
Стратегиялық бастамалар орталығы (CSI, www.csi.kz) Қазақстаннан және Орталық Азия мен Кавказдың басқа елдерінен шыққан жас дарынды студенттеріне қаржылай көмек көрсетті және олардың Гарвард университетінің Бизнес мектебі бағдарламасына қатысуын ұйымдастыруға көмектесті. Жобаны Дубайда Гарвард Бизнес мектебінің Оңтүстік Азия институты және Парсы шығанағы елдеріндегі ынтымақтастық жөніндегі Кеңестегі Гарвард Бизнес мектебінің Түлектері клубы ұйымдастырды. Бағдарлама аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттердің ой-өрісін кеңейтуге және олардың гуманитарлық, сондай-ақ дәлдік ғылымдардағы құзыреттіліктерін арттыруға, олардың одан әрі білім алуы мен зияткерлік дамуы үшін уәждемесі мен сенімін арттыруға бағытталған.

Бағдарламаға Африка, Таяу Шығыс елдерінен, сондай-ақ Армениядан (4) Әзірбайжаннан (1), Қырғызстаннан (4), Қазақстаннан (1), Өзбекстаннан (2) шыққан 70 жас адам қатысады. CSI Қазақстаннан және өңірдің басқа елдерінен берілетін сапалы өтінімдер санын ұлғайтуға беттелген.

CSI өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шегінде осындай бастамаларды қолдауды және халықтың барлық топтары арасында дарынды жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейтуді ұстанады.

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018