CSI
СSI Маңғыстаудағы инвестициялық
кездесуге қатысты
29 сәуір 2017
Ақтау, Қазақстан — Маңғыстау облысының жаңа әкімі Е.Л. Тоғжановтың шақыруы бойынша Cтратегиялық инициативалар орталығы (бұдан әрі - "CSI") атынан басты серіктес Олжас Құдайбергенов және серіктес Арман Сатимов Маңғыстау өңіріне инвестициялау мәселесі, болашағы мен мүмкіндіктері талқыланған, «галстуксыз» инвестициялық кездесуіне қатысты. CSI өкілдері ғаламдық және қазақстандық өзгерістер призмасы арқылы,
маңғыстау болашағы бойынша презентация жасап, сөз сөйледі.

Кездесуге 60-тан аса делегаттар мен спикерлер (кәсіпорын басшылары, банкирлер, инвесторлар, мұнай компанияларының, сервистік компаниялардың өкілдері, жабдықтар өндірушілер, инноваторлар, шағын және орта бизнес басшылары) қатысты.

Форумның негізгі тезистері:

  • тікелей шетелдік инвестициялардың ғаламдық және елдік трендтері;
  • көршілес елдермен инвестиция үшін бәсекелестік;
  • Маңғыстау өңіріндегі ахуал;
  • мұнай-газға, оның ішінде геологиялық барлауға инвестициялау;
  • АХҚО-ның инвестиция тартудағы рөлі мен міндеттері;
  • мұнай-газ машина жасау және сервистік операциялар;
  • көлік әлеуеті және логистика;
  • инновациялар, тұтынушылардың жаңа қажеттіліктері, жаңа бизнес модельдер, мемлекеттік өзгерістер;
  • Қазақстан - 2050 бағдарламасын орындау кезіндегі реформалар болды.
Сондай-ақ қатысушылар Ақтаудағы бұрынғы пластикалық массалар зауыты цехының базасындағы кәсіпкерлердің Атамекен жаңа алаңына, Ақтау теңіз портының АЭА субаймағына (даму болашағы бойынша презентация), сондай-ақ мұнай-газ саласы үшін құбырларды кесу және даярлау бойынша «Тенарис» жаңа жобасына барып қайтты.

Кездесу қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының басшылығы CSI-мен ынтымақтасуға мүдделілік танытты және тараптар осы өңірге арналған нақты басым бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісті.

CSI Астана қаласында орналасқан қарқынды даму үстіндегі тәуелсіз консалтингтік және аналитикалық қазақстандық компания болып табылады. Компания өзінің жергілікті сараптамасын ең үздік әлемдік стандарттары мен тәжірибелерімен сәтті біріктіріп, мемлекеттік және жеке меншік секторларындағы клиенттерге стратегиялық консалтинг саласында жоғары санатты қызметтер ұсынады.

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018