CSI
Стратегиялық бастамалар орталығының Бас директоры және басқарушы серіктес болып Ернар Жаркешов тағайындалды.
30 мамыр 2018
Стратегиялық бастамалар орталығының Бас директоры және басқарушы серіктес болып Ернар Жаркешов тағайындалды.

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы сарапшы. Ұлыбританияның Бирмингем Университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттк басқару бакалавр бағдарламасын үздік бітірген (first class honours), Т.Рысқұлов атындағы экономика, қаржы және халықаралық сауда Қазақ университетінде қаржы бойынша бакалавр, және Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік саясат саласында ғылымдар магистрі (Ли Куан Ю атындағы магистрлік стипендиясы бойынша). Көшбасшылық, үздік оқу, диплом жұмысы және университетке қосқан үлесі үшін жоғары академиялық сыйлықтармен марапатталған.

2017 ж. Наурызынан ағымдағы жылдың наурыз айына дейін Ернар Жаркешов Стратегиялық бастамалар орталығының Атқарушы директор лауазымында қызмет етіп, Орталықтың кәсіби командасын қалыптастыруда елеулі үлес қосты әрі мемлекеттік сектордағы трансформациялау жобаларын іске асырды. 2014 ж. бастап 2017 ж. наурызына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасында Зерттеу орталығының басшысы ретінде, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы құрамында 40 ел бар өңірлік хаб аппаратының басшысы лауазымында еңбек еткен. Соңғы лауазымында Хаб талдамалық жұмыстары мен зерттеулерінің стратегиялық бағыттарын айқындау және дамытумен, өңір елдердегі жобалар бойынша Хабтың барлық аппаратын басқару және үйлестірумен, шетелде Хаб серіктестігін алға дамытумен, халықаралық ұйымдарда, БАҚ-да Хабтың өкілі ретінде жұмыс атқарумен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға талдамалық қолдау көрсетуге қатысумен айналысқан, Халықаралық мемлекеттік қызмет реформасы және тәжірибесі журналының (https://astanahubjournal.org/index.php/ijcsrp) негізін қалаушысы және редакторы болған.



2012 – 2014 жж. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директорының м.а, директоры болып жұмыс істеген, мемлекеттік қызмет реформаларын сүйемелдеу бойынша ғылыми-қолданбалы жобаларды басқарған (оның ішінде «А» басқарушы корпусты енгізу бойынша).

2011 – 2012 жж. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономикалық зерттеулер институтында және Қазақстандық мемлекеттік - жекеменшік серіктестік орталығында бас сарапшы ретінде жұмыс істеген.

2010 – 2011 жж. Сингапурда Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар жөніндегі зерттеуші ассистент және Asian Journal of Public Affairs академиялық журналының редакторы болып жұмыс істеді.

ҚР Президенті Әкімшілігінде, Мемлекеттік бақылау мен ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімі және ҚР Президенті Кеңсесінде тағылымдалардан өткен. Ресми қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік, қытай тілін орташа деңгейде меңгерген.

Ғылыми қызығушылықтары: мемлекеттік басқару, мемлекеттілік, мемлекеттік қызмет, саясат, экономика. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» басқарушы корпусы үшін және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің басшылық құрамына дәрістер оқиды.

Аталған бағыттарда бірқатар жарияланымдары бар, және «Қазақ мемлекеттілігі: тарихы, саяси және әкімшілік құрылымы, басқару институттары» атты монография шығарған (авторлас) (2016).
Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018