CSI
CSI және Thomson Reuters өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
31 қаңтар 2017
Астана, Қазақстан, 2017 жылғы 30 қаңтарСтратегиялық бастамалар орталығы (бұдан әрі - "CSI") және Thomson Reuters (Markets) SA (бұдан әрі - "TR") Қазақстан нарығындағы тараптар арасында стратегиялық серіктестік үшін негіз қалайтын, өзара түсініктік туралы Меморандумға бүгін қол қойды. Меморандумға
CSI аға серіктесі Дәрмен Садвакасов және Thomson Reuters-тің Ресей және ТМД елдеріндегі басқарушы директоры Петр Марчевски
қол қойды.
CSI және TR келесі және басқа салаларда өзара тиімді қарым-қатынастар құруды көздейді: қаржылық шешімдер, мемлекеттік органдарға арналған шешімдер, қауіптерді басқару, транзакциялардың мониторингі, нормативтік-құқықтық базаның ашықтығы, ислам қаржылары және коммуникациялар.

TR кәсіби нарықтар үшін жаңалықтар мен ақпараттың әлемдегі жетекші көзі болып табылады. Ол өзінің сараптамасын, технологияларын және тәжірибесін шешімдер іздестіруде клиенттерге ұсынады. Компания 100 жылдан астам уақыт бойы әлемнің
100-ден аса елдерінде жұмыс істейді.

CSI Қазақстан, Астанада орналасқан, қарқынды дамушы, жаңа тәуелсіз консалтингтік және талдамалық компания болып табылады. Компания өзінің жергілікті кең сараптамасын әлемдегі үздік стандарттар және тәжірибелермен табысты кіріктіріп, мемлекеттік және жекеше секторлардағы клиенттер үшін стратегиялық және басқарушылық консалтинг саласында жоғары сапалы қызметтер көрсетеді.

Жаңалықтар
30 мамыр 2018
8 тамыз 2018