CSI - Центр Стратегических Инициатив
CSI - Центр Стратегических Инициатив

Қазақстан өңірлерінің рейтингі, топ-7

I тоқсан 2021 жыл

Авторлар: Олжас Худайбергенов, Сакен Иденов

Графиктер: Кайрат Ахмурзин

30 маусым 2021

Сіздердің назарларыңызға 2021 жылғы 1-тоқсан бойынша Қазақстан өңірлерінің рейтингінің екінші шығарылымын ұсынамыз. Рейтингтің негізгі мақсаты - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық саласындағы қызметін әділ бағалау.

Әдістеме, қолданылған деректер, көрсеткіштер саны және есептеу жолы өзгеріске ұшырамады. Ағымдағы шығарылымда 20 көрсеткіштің 10 жаңартылды, оның ішінде 9 – тоқсандық және 1 – жылдық.

Алдыңғы өткен шығарылымдағылай ешбір өңір 100 балл жинай алмады. Атырау облысы 75 баллға жуық жинап, 1-ші орынды сақтап қалды. Өткен тоқсанға қарағанда Солтүстік-Қазақстан облысы 6 сатыға көтеріліп, 2-ші орынға орналасты. Нұр-Сұлтан қаласы 1 орынға көтеріліп, үздік үштіктің қатарына ілікті. Ақтөбе облысы 2-ден 4-ші орынға түсті. 6-шы орыннан бір саты көтеріліп, Павлодар облысы 5-ші орынға орналасты. Одан кейін рейтингте 3 орынға көтеріліп Жамбыл облысы орналасты. Топ-7 өңірге соңғы болып, өткен рейтингте үздік үштікке кірген Алматы қаласы орналасты.

Рейтинг алғашқы 7 өңір бойынша жалпыға бірдей мәліметтерді ұсынады. Басқа өңірлердің мәліметтері сол өңір басшыларына ішкі талдау үшін ғана ұсынылатын болады. Бұл рейтингтің конструктивті қабылдауын қамтамасыз ету мақсатында жасалады.

Бөлімдерге өтуді жеңілдету мақсатында Рейтингтің презентациялық файлы интерактивті қылып істелінген. Сұрақтар пайда болған жағдайда, презентацияда көрсетілген телефондар бойынша хабарласуды өтінеміз.
Made on
Tilda