CSI - Центр Стратегических Инициатив

Қазақстан өңірлерінің рейтингі,

II тоқсан 2021 жыл

Авторлар: Олжас Худайбергенов, Сакен Иденов

30 қыркүйек 2021

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан өңірлерінің рейтингісінің кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жерде 2021 жылдың Ⅱ тоқсаны бойынша аймақтық биліктің қызметі бағаланады.

Бұл шығарылымда бағалау әдістемесі біршама өзгерді - біз шығармашылық экономика саласындағы көрсетілетін қызметтер көлемін (№10 көрсеткіш) жаңаша есептей бастадық, бұл шығармашылық секторларды ынталандырмайтыны анықталды.

Рейтингтің 20 көрсеткішінің 9 тоқсандық көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар 2 жылдық көрсеткіштері де жаңартылды, себебі жылдық мәндер тек тамыз-қыркүйек айларында жарияланады.

Алдыңғы шығарылымдардағыдай, бірде-бір аймақ 100 ұпай жинай алмады.
Атырау облысы 73 балмен бұрынғыдай 1-орынға ие. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту, медициналық төсектердің жеткіліктілігі, шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үлесі, шығармашылық экономика саласындағы қызметтер көлемі және ЖАО шығындарының көлемі сияқты көрсеткіштер бойынша 1-орында орналасып отыр.

Екінші орынға 4 балл қосып Нұр-Сұлтан қаласы шықты. Шығармашылық экономика саласындағы көрсетілетін қызметтер көлемі, кәмелетке толмай қылмыс жасағандардың үлесі, ЖАО шығындарының көлемі және тіркелген пара алу мен өкілеттікті асыра пайдалану фактілерінің саны сияқты көрсеткіштер бойынша нәтижелерді жақсартты. Бұдан басқа, медициналық төсек-орындардың жеткіліктілігі, шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар, тұрғын үймен қамтамасыз етілу және халықтың ең төменгі табыс үлесі бойынша алдыңғы қатарлы позицияларды ұстап тұруды жалғастыра отыр.

Сондай-ақ, 2021 жылдың I тоқсанының нәтижесімен салыстырғанда, Қарағанды облысы да 4 балл қосып, 9 орынға көтеріліп көшбасшы өңірлердің үштігін тұйықтады. Нәрестелер өлімі коэффициенті, кәмелетке толмай қылмыс жасағандардың үлесі және әкімдердің оларға бағытталған өтініштердің қарастыру мерзімін өткізіп алуы бойынша нәтижелерді едәуір жақсартты және балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуда, медициналық төсек-орындардың жеткіліктілігінде және шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар бойынша 1-орынды иеленді.

Солтүстік Қазақстан облысы өз кезегінде 2-ден 4-орынға төмендеді. Жаңартылған 11 көрсеткіштің екеуінде облыс көшбасшылықты сақтап қалды: медициналық төсек-орындардың жеткіліктілігі және шетелдік қатысуы бар компаниялардың үлесі. Қалған 9-дан 8-і нәтиженің жақсаруында да, нашарлауында да шамалы ауытқуларды көрсетті. Тек тіркелген жемқорлық және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерінің санында осындай жағдайлардың 2 есе өсуі жалпы рейтингте өңірдің төмендеуіне әкелді.

Осыған ұқсас Шығыс Қазақстан облысы 10-шыдан 5-ші орынға көтерілді. Нәрестелер өлімі көрсеткішінің 37%-ы жақсаруы өңір позициясының айтарлықтай жақсаруына әкелді. Өңір медициналық төсектердің жеткіліктілігінде және "Ашық диалог" порталында азаматтардың өтініштерін қарастыру мерзімін кешіктіруде алдыңғы орынды сақтап қалды. Қалған 8 жаңартылған көрсеткіш қорытынды баллға айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Павлодар облысы азаматтардың өтініштерін қарастыруда кешіктірулер санының 10 есе өсуіне жол беріп, 1 орынға төмен түсті. Бұл қалған жақсартылған көрсеткіштер бойынша нәтижелерді толығымен теңестірді.

Жалғастыра, жалпы рейтингтің топ-7 өңірін тұйықтай отырып, жинаған ұпайларының өсуіне қарамастан Жамбыл облысы 1 орынға төмендеді. Ұпай жинау негізінен төсек-орын жеткіліктілігінің артуымен байланысты болды, бірақ барлық өңірлер осы критерий бойынша өз көрсеткіштерін жақсартқандықтан, бұл аймақтың жалпы рейтингтегі орнына әсер етпеді.

Осы аймақтар бойынша толығырақ файлдан көре аласыз. Сонымен қатар осы жолы басқа аймақтарды да көруге мүмкіндік бар. Ағымдағы шығарылымнан бастап Рейтинг толығымен 17 өңір бойынша жарияланатын болады.

Рейтингтің презентация файлы интерактивті, бұл бөлімдер арасындағы навигацияны жеңілдетеді. Сұрақтар туындаған жағдайда, презентацияда көрсетілген телефондарға хабарласыңыз.
Made on
Tilda