CSI - Центр Стратегических Инициатив
CSI - Центр Стратегических Инициатив

Қазақстан өңірлерінің рейтингі,

IV тоқсан 2021 жыл

Авторлар: Олжас Худайбергенов, Сакен Иденов

Графиктер: Кайрат Ахмурзин

17 мамыр 2022 ж.

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан өңірлерінің рейтингіcінің кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолы аймақтық биліктің 2021 жылғы 4 тоқсанындағы қызметі бағаланады.


Бұл шығарылымның әдістемесі, есептеу деректері, көрсеткіштер саны және есептеуі өзгерген жоқ. Ағымдағы шығарылымда 20 көрсеткіштің 11-і жаңартылды, оның ішінде 9-ы тоқсандық және 2-і жылдық.


Алдыңғы шығарылымдардағыдай, бірде-бір аймақ 100 ұпай жинай алмады. Атырау облысы 76 балл жинап келесі көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты: балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту, республикалық және халықаралық олимпиадалар жүлдегерлерінің саны, медициналық төсектердің жеткіліктілігі, сондай-ақ шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар, пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесі, ЖАО-ның жан басына шаққандағы шығындарының көлемі және тіркелген пара беру және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерінің болмауы.

Елордасы рейтінгтің үш позициясына бірден көтеріліп 7,7 баллмен екінші орынға орналасты. Бұл 4 тоқсанның үздік көрсеткіші. Жаңартылған 11 көрсеткіштердің ішінен шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар, креативті экономика саласындағы қызметтер көлемі, бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіштері бойынша көшбасшылықты сақтап, ЖАО-ның жан басына шаққандағы шығындары көлемінде өз көрсеткіштерін жақсартып, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарындағы халықтың ең аз үлесін көрсетті.

Жаңартылған көрсеткіштердің барлығында Жамбыл облысының позициясы аздап төмендеді. Тіркелген пара беру және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерінің санындағы көрсеткіштің айтарлықтай жақсаруы ғана облысты бірден 7 позицияға көтерді. Бұл оның жалпы 0,14 балл жоғалтуына қарамастан 1 сатыға көтеріліп, рейтингте 3-орынға орналасуына мүмкіндік берді. Айта кету керек, облыс өңір тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бұрынғыдай соңғы орында тұр.

Келесі кезекте 9-шы орыннан көтеріліп, бірінші жетіліктің ең жақсы нәтижесін көрсеткен Павлодар облысы. Облыс әкімінің азаматтардың өтініштеріне жауап берудің кешіктірілуі сияқты көрсеткіште ең көп балл жинады.

Жамбыл облысы ұпай жоғалтқанына қарамастан рейтингте көтеріле алған алғашқы жетідегі жалғыз өңір емес. Ақмола облысы бар болғаны 0,06 балдан айырылып, 2 сатыға көтерілді. Барлық жаңартылған көрсеткіштер бойынша облыс өз позициялары мен жинаған ұпайларын сақтай алды. Айта кету керек, өңір келесі көрсеткіштер бойынша көшбасшылықты сақтап қалды: нәрестелер өлім-жітімінің коэффициенті, шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар және облыс әкімінің азаматтардың өтініштеріне жауап берудің кешіктірілуі.

Алдыңғы шығарылымның көшбасшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, 6-шы орынға орналасты. Жоғалған 11 баллдан: 4,5 – бала өлім-жітім коэффициентінің нашарлауы, 3 балл – кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың өсуі және 2,4 балл – азаматтардың өтініштеріне жауап берудің кешіктірілуі.

Алғаш рет Батыс Қазақстан облысы топ - 7 өңірге түсіп, сәби өлім-жітімі және тіркелген пара алу мен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерінің санын азайтты.

Қалған өңірлерден Алматы қаласы мен Ақтөбе облысын атап өту керек. Олар топ - 7 өңірден шығып қалып, тиісінше 12 және 13 орындарында орналасты. Шымкент қаласы, айта кете, рейтинг бойынша бірден 7 сатыға көтеріліп 8-ші орынға шықты.

Бірден 8 өңірде 10% кедергіден өткен нәрестелер өлім-жітімінің коэффициенті көрсеткішін ерекше атап өтуге болады. Салыстыра кетсек, 3 тоқсанның нәтижелері бойынша тек 1 өңір ғана осындай жоғары өлім-жітім деңгейін көрсетті.
Made on
Tilda