Шок Болжамдар
Қытай 2016 жылдың желтоқсанында өз валютасының резерв ретінде мойындалуына қол жеткізді. Жарты жылдың ішінде әлемдік резервте юанидің үлесі екі есе 1,84%-ға дейін өсті. Ағымдағы қарқын сақталған жағдайда ол келесі екі жылдың ішінде жапон йені мен британдық фунт стерлингті артқа тастап, әлемдегі үшінші валютаға айналады.
Осы мақсатта Қытай инфрақұрылымын дамыта түсуде – орталық банктермен тікелей своп-желілер санын күрт өсіру, юань валютасында несие беруді ұлғайту, Бүкіләлемдік банк пен SWIFT-тің өз аналогтарын құру, алтын қорының бейресми өсімін арттыру сияқты шаралар қабылдануда.
Мұның бәрі 2020 жылдың соңына дейін Қытайдың Қазақстанмен және Орталық Азиямен жүргізілетін барлық сауда-саттық операцияларын юаниге аударуға мүмкіндік береді.
Қараша 2018
Таяу уақытта банк секторындағы негізгі бәсекелестік ресей және қытай банктері арасында болады.
Қазіргі таңда 27 қазақстандық коммерциялық банктің 13-і шетелдік банктер, алайда олардың несиелеудегі жиынтық үлесі 15%-дан аспайды.
ДСҰ ережелерінің күшіне енуі нәтижесінде ресейлік және қытайлық банк филиалдарының Қазақстанға кіру белсенділігі арта түседі.
Арзан қаржыландыру көздері 300 ірі компанияның шетелдік банктерде қызмет көрсетіліп, сол жерде несиеленуіне алып келеді.
Қараша 2018
Түркиядағы ахуалдың шиеленісуі және АҚШ санкцияларының жалғасуы ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алу мәмілесін толық бекітеді.
Бұл Түркияның келісімнен бас тартуына немесе НАТО-дан шығуына әкеледі.
Түркия НАТО құрамынан шығып, ШЫҰ-ға кіреді. Сонымен қатар Еуропадағы саяси ахуал да тұрақсызданады.
Осының нәтижесінде Түркия Ресей және Қытаймен бірыңғай нарық форматында өңірлік интеграцияға барады.
Қараша 2018
АҚШ пен Ресей/Қытай арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі өңірлік интеграцияны нығайтудың алғышарттарын айқындайды.
Түркияның ЕАЭО-мен бірыңғай нарық форматында қосылуы рубльді ЕАЭО елдерінің резервтік валютасы ретінде пайдалану туралы мәселені көтереді.
Қытайдың ЕАЭО елдерінің банк секторында күшеюі Ресейді ұлттық валюталарды рубльмен алмастыру идеясын күшейтуге мәжбүр етеді.
Қараша 2018
ДСҰ реформасы туралы Трамптың талабына байланысты G-20 елдері арасында келісімге келмеу жағдайы қалыптасады.
АҚШ ДСҰ шешімдеріне бағынудан бас тартып, ұйымды қаржыландыру міндеттемелерін тоқтатуы мүмкін.
Бұл көптеген елдерді ДСҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты қайта қарауға және өңірлік сауда келісімдеріне көшуге мәжбүр етеді.
Қараша 2018
АҚШ пен Ресей арасындағы қатынастың нашарлауы көптеген ресейлік мемлекеттік компаниялар мен банктердің санкцияға ілінуіне алып келеді.
Соның салдарынан қазақстандық мемлекеттік және жеке компаниялар да «сұр тізімге» енуі мүмкін.
С-400 сияқты әскери техника сатып алу операциялары да санкцияға ұшырауы ықтимал.
Қараша 2018
Ішкі экономикалық ахуалдың нашарлауы және банк қадағалауының күшеюі көптеген актив иелерінің ауысуына әкеледі.
Дамыған елдердің капиталды тексеру науқаны бұл үдерісті одан әрі күшейтеді.
Нәтижесінде көптеген активтер тәркіленуі немесе уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Қараша 2018
Ұлттық Банктен ҚҚА қайта бөлініп, жаңа қаржы реттеу органдары құрылады.
Зейнетақы активтерін жеке басқару жүйесі қайта енгізіледі.
Салық саясаты жүктеме деңгейі бойынша 2000-жылдардың басындағы форматқа қайта оралады.
Ноябрь 2018 г.
Коммуналдық желілердің ресми тозуы ел бойынша 60%-дан жоғары, кей өңірлерде 70–90%-ға дейін жетеді.
Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы инвестициялық жоспарлардың қысқаруына алып келеді.
Нәтижесінде коммуналдық инфрақұрылымдағы бақылау әлсіреп, ірі апаттар болуы мүмкін.
Ноябрь 2018 г.
Тұрақсыз сыртқы жағдай бірнеше девальвацияға әкеліп, номиналды ЖІӨ 100 млрд доллардан төмен түседі.
Банк секторындағы қиындықтар сыртқы қарыздың өсуіне алып келеді.
Нәтижесінде Қазақстанның сыртқы қарызы $164 млрд-тан $200 млрд-қа дейін өседі.
Қараша 2018